2002 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 5164 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 14.01.2020 № 1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне 2002 жылы туған ер азаматтарды тiркеу ұйымдастырылсын.

      2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.

      3. Приозерск қаласы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 "2001 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4552 болып тіркелген, "Закуп Инфо" газетінде 2018 жылғы 16 қаңтарда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.

      5. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қала әкiмi Қ. Камзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады