Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 17.03.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы "14" шілдедегі № 132 шешіміне қосымша |
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары
№ | Тарихи және мәдени ескерткіштің атауы, мерзімі | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің орналасқан жері | Қорғау аймағының көлемі | Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі | Қорғалатын табиғат ландшафты аймағының көлемі |
Қазалы ауданы | ||||||
1 |
Үлкен Күйік қалашығы, |
археология | Кәукей ауылынан батысқа қарай 7 шақырым | 15 гектар | 30 гектар | 60 гектар |
2 |
Кіші Күйік қалашығы, |
археология | Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырым | 86 гектар | 120 гектар | 375 гектар |
Қармақшы ауданы | ||||||
3 |
Шірік-Рабат қалашығы, |
археология |
Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай | 14,6 гектар | 33,8 гектар | 40,1 гектар |
4 |
Бәбіш-Молла қалашығы, |
археология | Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырым | 6 гектар | 16 гектар | 23 гектар |
Қызылорда қаласы | ||||||
5 |
Облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті ғимараты (бұрынғы казарма), |
қала құрылысы және сәулет |
И.Токтыбаев-2 тұйығы, құрылым нөмірі 1 | 0,7708 гектар |