Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 132 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 5912 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 17.03.2021 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
14 сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов
      КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының мәдениет,
архивтер және құжаттама
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
____________ М. Әбуова
2017 жылғы "14" шілде

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы "14" шілдедегі № 132 шешіміне қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары

Тарихи және мәдени ескерткіштің атауы, мерзімі

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

Қорғау аймағының көлемі

Құрылыс салуды реттеу аймағының көлемі

Қорғалатын табиғат ландшафты аймағының көлемі

Қазалы ауданы

1

Үлкен Күйік қалашығы,
І-ІХ ғасырлар

археология

Кәукей ауылынан батысқа қарай 7 шақырым

15 гектар

30 гектар

60 гектар

2

Кіші Күйік қалашығы,
І-ІХ ғасырлар

археология

Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырым, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырым

86 гектар

120 гектар

375 гектар

Қармақшы ауданы

3

Шірік-Рабат қалашығы,
б.д.д. V-ІІ ғ.ғ. - б.д. ІХ-ХІІ ғ.ғ.

археология

Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай
87 шақырым, Кекірелі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44,5 шақырым

14,6 гектар

33,8 гектар

40,1 гектар

4

Бәбіш-Молла қалашығы,
б. д. д. ІV-ІІ ғ.ғ.

археология

Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 47 шақырым

6 гектар

16 гектар

23 гектар

Қызылорда қаласы

5

Облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті ғимараты (бұрынғы казарма),
ХІХ ғасырдың аяғы

қала құрылысы және сәулет

И.Токтыбаев-2 тұйығы, құрылым нөмірі 1

0,7708 гектар




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады