Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Концессиялық жобаларды және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 599 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 9 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы:
концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша;
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |