Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы:
концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша;
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 29.09.2017 № 886 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаны айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 934 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4983 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |