"Концессиялық жобаларды және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 599 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 886 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 5989 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Концессиялық жобаларды және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 599 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5636 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 9 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Kazakhstan Project Preparation Fund" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қызылорда облысының аумақтық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы:

      концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша;

      жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғалар ретінде айқындалсын.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады