Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 10.02.2020 № 11-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж. Әлішеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |
Арал ауданы әкiмдігiнiң | |
2017 жылғы "14" сәуірдегі | |
№ 58-қ қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны |
Квота мөлшері, | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | "Аралтұз" акционерлік қоғамы | 280 | 4 % | 11 |
2 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 95 | 2 % | 2 |
3 | "Қамқор Локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Сексеуіл локомотив жөндеу депосы" филиалы | 200 | 3 % | 6 |
4 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Арал көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 100 | 3 % | 3 |
5 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Арал индустриалды-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 70 | 2 % | 1 |
6 | "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 300 | 4 % | 12 |
7 | "ҚТЖ-Жүк тасымалы" акционерлік қоғамының-"ГП Қызылорда бөлімшесі" филиалы | 230 | 3 % | 7 |