Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 11-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 7245 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 58-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5823 болып тіркелген, 2017 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. Уразбаев

  Арал ауданының әкімі
2020 жылғы 10 ақпаны
№ 11-қ қаулысына қосымша

2020 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйым атауы

Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 59 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

3

3

2

"Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 67 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

3

3


Барлығы

232


6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады