Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 20.09.2017 № 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А.Қаржаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
АУДАН ӘКІМІ | Н.ШАМҰРАТОВ |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы "20" қаңтардағы №17 қаулысына 1-қосымша |
2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | Қазалы ауданы | 1567 |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы "20" қаңтардағы №17 қаулысына 2-қосымша |
2017 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бiр тәрбиеленушiге бiр айда жұмсалатын шығын (теңге) | |
Балабақшалар үшiн | Шағын орталықтар үшiн | ||
1 | Қазалы ауданы | 26978,6 теңгеден кем емес | 19 236 теңгеден кем емес |
Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы "20" қаңтардағы №17 қаулысына 3-қосымша |
2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |