Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 186 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қазанда № 5982 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 17 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5718 тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ Н.ШАМҰРАТОВ

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №186 қаулысына 1-қосымша

2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны

1

Қазалы ауданы

1567


  Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №186 қаулысына 2-қосымша

2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері
 

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері

1

Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады