Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 5718 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 186 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 20.09.2017 № 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары А.Қаржаубаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      АУДАН ӘКІМІ Н.ШАМҰРАТОВ

  Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы "20" қаңтардағы
№17 қаулысына 1-қосымша

2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны

1

Қазалы ауданы

1567


  Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы "20" қаңтардағы
№17 қаулысына 2-қосымша

2017 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Аудан атауы

Бiр тәрбиеленушiге бiр айда жұмсалатын шығын (теңге)

Балабақшалар үшiн

Шағын орталықтар үшiн

1

Қазалы ауданы

26978,6 теңгеден кем емес

19 236 теңгеден кем емес


  Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы "20" қаңтардағы
№17 қаулысына 3-қосымша

2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері

Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері

1

Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады