Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 10.04.2018 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 343 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 101-102 нөміріне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІІ сессиясының төрағасы: |
Т.Әліпбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы: | К.Назымбеков |