Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 189 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 6276 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 253 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 253 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.

      2. Қазалы аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 343 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5129 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №101-102 жарияланған);

      2) "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №343 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 88 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5772 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2017 жылғы 1 сәуірдегі №28 және 2017 жылдың 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХІІІ сессиясының төрағасы:
Н.Имандосов
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы:
Ғ.Әліш
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ Ф.Қожабергенов
"10" сәуір 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады