Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 19.10.2018 № 173 қаулысымен (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. "2017 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 35 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5755 болып тіркелген, 2017 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | Н.ШАМҰРАТОВ |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "19" шілдедегі №143 қаулысына 1 – қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны |
Квотаның мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Сыр Маржаны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 144 | 2% | 3 |
2 | "Қазалы ауданының ветеринария бөлімі "коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 106 | 2% | 2 |
3 | "Жылу - ХХІ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 76 | 2% | 1 |
4 | "СПК Қызылорда Балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 45 | 2% | 1 |
5 | "Рза - Асыл түлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 65 | 2% | 1 |
6 | "Асыл - Ғани" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 41 | 2% | 1 |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "19" шілдедегі №143 қаулысына 2 – қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны |
Квотаның мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "РЗА-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 245 | 2% | 5 |
2 | "Әйтеке би кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазалы- Су сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 84 | 2% | 2 |
3 | "ҚАЗАЛЫ КӨРКЕМ СЕРВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 41 | 2% | 1 |
4 | "Рза-Транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 67 | 2% | 1 |
5 | "Намыс - Құрылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2% | 1 |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "19" шілдедегі №143 қаулысына 3 – қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны |
Квотаның мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 119 | 2% | 2 |
2 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 155 | 2% | 3 |