2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 173 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қазанда № 6475 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңынның 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 143 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5917 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 19 тамызда "Тұран-Қазалы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қазандағы №173 қаулысына 1-қосымша

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің 29.04.2019 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қазалы тынысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

45

2

1

2

"Жылу-ХХІ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75

2

1

3

"СПК Қызылорда Балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

79

2

2

4

"Сыр Маржаны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

144

2

3


  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қазандағы №173 қаулысына 2-қосымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Жылу – ХХІ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

83

2%

2

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қазандағы №173 қаулысына 3-қосымша

2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

130

2%

2

2

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

156

2%

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады