Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 07.09.2022 № 268 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХV сессиясының төрағасы: | Ж.Коланова |
Аудандық мәслихат хатшысы: | К.Назымбеков |
Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы "27" шілдедегі XV сессиясының №122 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.05.2019 № 296 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандары | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,20 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 0,61 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,71 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,00 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,91 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,05 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,12 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,57 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,13 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,25 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
13 | Спорттық, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,64 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 1,20 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 |
20 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,23 |
21 | Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автомобильді май құю бекеті, гараждар | 1 машина-орын | 1,50 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,95 |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,17 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |
25 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,32 |
26 | Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,48 |
27 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
28 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,09 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 - текше метр.