Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. "Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 122 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихат хатшысы | Б. ЖАРЫЛҚАП |
Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 268 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары.
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын обьектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Жылдық норма, 1 есептік бірлікке текше метр |
1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,20 | |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,61 |
3. | Қонақ үйлер,санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,71 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,005 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,91 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,05 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,125 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,57 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,13 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,255 |
11. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпыалаңы 1м2 | 0,03 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,065 |
13. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,24 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер |
сауда алаңы | 0,60 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1м2 | 1,20 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер |
сауда алаңы | 0,39 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары , қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,10 |
18. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,25 |
19. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м2 | 0,235 |
20. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары | 1 машина - орын | 1,50 |
21. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,95 |
22. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,17 |
23. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м2 | 0,315 |
24. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,32 |
25. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,48 |
26. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,125 |
27. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,09 |