"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. "Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 17 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5718 тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | Н.ШАМҰРАТОВ |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №186 қаулысына 1-қосымша |
2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Аудан атауы | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны |
1 | Қазалы ауданы | 1567 |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №186 қаулысына 2-қосымша |
2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ |
Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері |
1 | Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес | Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес |