"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпанындағы № 87 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5771 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 1 сәуірде "Тұран Қазалы" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 3- тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының кезекті XVIІ сессиясының төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
К.Назымбеков |