Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 87 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 5771 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 188 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 10.04.2018 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 1-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен Қазалы ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.

      2. Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қазандағы № 251 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4785 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран-Қазалы" газетінің 2014 жылғы 8 қарашадағы 99-100-101 нөмірлерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылысын.

      3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 03.11.2017 № 135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХІІ сессиясының төрағасы: Т. Әліпбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы: К. Назымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады