Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпанындағы №87 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 135 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қарашада № 6026 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпанындағы № 87 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5771 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 1 сәуірде "Тұран Қазалы" газетінде және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 3- тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезекті XVIІ сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
К.Назымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады