“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Мал жаятын орындарды айқындау туралы” Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 13 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5677 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 26 желтоқсанда, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2016 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұқарбай батыр ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Жонтаев |