Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімінің 10.05.2017 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Бұқарбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі Сорлы асар учаскесінде 1170 гектар, Қара асар учаскесінде 936 гектар, Асық ата көлінің аумағында 270 гектар және Қос тал учаскесінде 330 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұқарбай батыр ауылдық | |
округінің әкімі | Н. Жонтаев |