Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округі әкімінің 15.05.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Жаңадария ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңадария ауылдық округіндегі Қошқарбаз учаскесінде 714 гектар, Бестам учаскесінде 922 гектар, Құмбөгет учаскесінде 833 гектар және Атжайған учаскесінде 970 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңадария ауылдық округі әкімі | Р.Ақпанбетов |