"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі:
1) жаңа көшеге"Қасымхан Ысмайлов" есімі;
2) жаңа көшеге"Әбдіхалық Бәйменов" есімі;
3) жаңа көшеге"Сәрсенбай Баяханов" есімі;
4) жаңа көшеге"Қаржаубай Жартенов" есімі;
5) жаңа көшеге"Уәлибек Әбдуов" есімі берілсін.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары А.Ұзақбаевқа жүктелсін.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тереңөзек кентінің әкімі | Ж.Сыздықов |