Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 97 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда № 5927 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі:

      1) жаңа көшеге"Қасымхан Ысмайлов" есімі;

      2) жаңа көшеге"Әбдіхалық Бәйменов" есімі;

      3) жаңа көшеге"Сәрсенбай Баяханов" есімі;

      4) жаңа көшеге"Қаржаубай Жартенов" есімі;

      5) жаңа көшеге"Уәлибек Әбдуов" есімі берілсін.

      2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары А.Ұзақбаевқа жүктелсін.

      3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Тереңөзек кентінің әкімі Ж.Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады