Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 1201 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қазанда № 5996 болып тіркелді.

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шиелі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының ішкі істер департаменті
Шиелі ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________С. Тоқтыбаев
“___” ____________2017 жыл

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы “5” қазандағы № 1201 қаулысына қосымша

Шиелі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 12.07.2019 № 431 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шиелі ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Шиелі ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.

      4. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.

      5. Комиссия қабылдаған шешiм – көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.

      6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.


Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Постановление акимата Шиелийского района Кызылординской области от 5 октября 2017 года № 1201. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 17 октября 2017 года № 5996.

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" акимат Шиелийского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шиелийском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Шиелийского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Шиелийского района К. Сарсенбаев
     
      "СОГЛАСОВАНО"
Начальник государственного учереждения
"Отдел внутренних дел Шиелийского
района Департамента внутренних дел
Кызылординской области Министерства
внутренних дел Республики Казахстан"
________________С. Токтыбаев
“___” ____________2017 год

  Приложение к постановлению акимата Шиелийского района от 5 октября 2017 года № 1201

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шиелийском районе

      Сноска. Приложение - в редакции постановления Шиелийского районного акимата Кызылординской области от 12.07.2019 № 431 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

1. Виды поощрения

      1. Виды поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежной премии.

2. Порядок поощрения

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, способствовавших предупреждению и пресечению преступлений, рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее – Комиссия) создаваемой акиматом Шиелийского района.

      3. Предложения по поощрению граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, обеспечении общественной безопасности, предупреждении и пресечении преступлений, на рассмотрение комиссии вносятся государственным учреждением "Отдел полиции Шиелийского района Департамента полиции Кызылординской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее – Отдел полиции).

      4. В состав комиссии включаются представители районных местных представительных и исполнительных органов, отдела полиции.

      5. Основанием для поощрения является решение, принятое комиссией, а для выплаты поощрения – приказ начальника отдела полиции согласно решению, принятому комиссией.

      6. Меры поощрения гражданам, участвующих в обеспечение общественного порядка осуществляется отделом полиции в торжественной обстановке.

3. Размер денежного вознаграждения

      7. Размер денежного вознаграждения устанавливается комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка и объема ущерба, который мог бы быть нанесен в результате противоправного действия, которое было пресечено им или с его участием, и не превышает, как правило, 10-кратного месячного расчетного показателя.

      8. Выплата денежного вознаграждения производится за счет средств областного бюджета отделом полиции, внесшим представление к поощрению.