"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 1201 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5996 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | Ә. Оразбекұлы |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Шиелі ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "12" шілдедегі №431 қаулысына қосымша | |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "5" қазандағы №1201 қаулысына қосымша |
Шиелі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудің тәртібі
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шиелі ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Шиелі ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.
4. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.
5. Комиссия қабылдаған шешiм – көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.
6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
8. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.