Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 30.07.2021 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 36-1 бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 12.02.2018 № 51 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.
2. Ауылдар, ауылдық округтер әкімдері барлық кандидаттар үшін бірдей және тең шарттық негізде үй-жайлар беруді қамтамасыз етсін.
3. Бейнеу ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 60 "Ауыл, селолар, селолық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2259 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі "Рауан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | К.Машырықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының төрайымы
Аймағамбет Күләнда
" 17 " 05 2017 жыл
Бейнеу ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 95 қаулысына қосымша |
Кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Ақжігіт ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі |
Бейнеу ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Абыл атындағы мәдениет үйі, "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздар үйі |
Боранқұл ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі |
Есет ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы |
Ноғайты ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы |
Сам ауылдық округі | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы |
Сарға ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі |
Сыңғырлау ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы |
Тәжен ауылы | - | "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының акт залы |
Төлеп ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы |
Тұрыш ауылы | - | Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы |