Ауыл, селолар, селолық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдғы № 60 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 шілдеде № 2259 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды –Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 17.05.2017 № 95 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 4 - тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сай Бейнеу ауданының ауыл, селолары, селолық округтері әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін ақылы шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізбесі бекітілсін.

      2. Қосымшада көрсетілген үй жайлар бекітіліп берілген мемлекеттік заңды тұлғалар Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жасаған кездесу кестесіне сай Бейнеу ауданының ауыл, селолары, селолық округтері әкімдігіне барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болатын ақылы шарттық негізде үй - жайлар беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау және оның аудандық әкімдіктің веб - сайтында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз ету "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Әзірханов


  Аудандық әкімдіктің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 60 қаулысына қосымша

Ауыл, селолар, селолық округтер
әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізбесі

       Бейнеу селосы - Абыл атындағы мәдениет үйі

       Боранқұл селосы - селолық мәдениет үйі

       Ақжігіт селосы - селолық мәдениет үйі

       Сарға селосы - селолық мәдениет үйі

       Сыңғырлау селосы - селолық клуб

       Төлеп селосы - селолық клуб

       Есет селосы - селолық клуб

       Сам селосы - селолық клуб

       Тұрыш селосы - селолық клуб

       Ноғайты селосы - селолық клуб

       Тәжен ауылы - ауылдық клуб

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады