Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысының және қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 270 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда № 23851 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Бейнеу ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы" 2017 жылғы 17 мамырдағы № 95 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген).

      Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3537 болып тіркелген).

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады