РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 "Бейнеу ауданының әкімшілік аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3309 болып тіркелген) сәйкес, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжігіт селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы №7 "Көшелерге ат қою туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-3-89 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 желтоқсандағы "Рауан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақжігіт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
бірінші сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:";
екінші сөйлем жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқада құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы"шаруашылық жүргізу құқығындағымемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеу мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Ақжігіт мәдениет үйі, "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, "Бейнеу ауданының әкімдігінің "М.Бегенов атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге - "Тәуелсіздік";".
2. "Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Дүйсенбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжігіт ауылының әкімі: | С.Қамысбаев |