РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу ауданының Бейнеу селосының мемлекеттік тіліндегі атауы "Бейнеу ауылы" болып өзгертілсін.
2. Бейнеу ауданының Ақжігіт селолық округі Ақжігіт ауылы болып қайта құрылсын.
3. Бейнеу ауданының Боранқұл селолық округі Боранқұл ауылы болып қайта құрылсын.
4. Әкімшілік орталығы Құркөл ауылы болатын Бейнеу ауданының Есет селолық округі Есет ауылы болып қайта құрылсын.
Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.12.2019 № 260 қаулысымен және Маңғыстау облыстық мәслихатының 10.12.2019 № 32/389 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Бейнеу ауданының Сарға селолық округі Сарға ауылы болып қайта құрылсын.
6. Бейнеу ауданының Сыңғырлау селолық округі Сыңғырлау ауылы болып қайта құрылсын.
7. Бейнеу ауданының Төлеп селолық округі Төлеп ауылы болып қайта құрылсын.
8. Бейнеу ауданының Тұрыш ауылдық округі Тұрыш ауылы болып қайта құрылсын.
9. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы бірлескен қаулы мен шешімнің (бұдан әрі – қаулы мен шешім) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
11. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
Сессия төрағасы | Н. Ғұбашов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б. Жүсіпов |