Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 01.08.2019 № 32/327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 02.05.2017 № 9/115 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 02.05.2017 № 9/115 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ.Көшенов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Мееров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Байбузов Болат Шаңдыұлы
16 қаңтар 2017 жыл
Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 шешіміне 1 қосымша |
Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 02.05.2017 № 9/115 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атауы | Есептік бірлік |
Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ) | |
---|---|---|---|---|
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1 м³ | 1457 |
Жеке тұлғалар | 1 адам/айына | 115 | ||
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге және кәдеге жаратуға тарифтер | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1 м³ | 1955 |
Жеке тұлғалар | 1 адам/айына | 115 | ||
3 | Елді мекендердің аумағынан, көшелерден, шағын аудандардың арасынан және қоғамдық орындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер (санитарлық тазалықты қамтамасыз ету) | 1 м³ | 20955,31 |
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.
Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 шешіміне 2 қосымша |
Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды- Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 02.05.2017 № 9/115 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).