Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/115 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 3371 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 32/327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 01.08.2019 № 32/327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 7/84 "Қарақия ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3271 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 ақпандағы № 13 (782) "Қарақия" газетінде және 2017 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы және 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы;

      1. Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы алынып тасталсын.

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Есенқосов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық тұрғын үй

      коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Чукин Асан Әділұлы

      2 мамыр 2017 жыл

  Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 2 мамырдағы № 9/115 шешіміне қосымша

Қарақия ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды

жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер

Атауы Есептік бірлік Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м³

1457

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

115

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге және кәдеге жаратуға тарифтер

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м³

1955

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

115

3

Елді мекендердің аумағынан, көшелерден, шағын аудандардың арасынан және қоғамдық орындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге тарифтер (санитарлық тазалықты қамтамасыз ету)

1 м³

20955,31

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады