Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қазандағы № 11/134 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қарашада № 3450 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 29.03.2021 № 2/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген) сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі № 52-53 "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      11 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмек онкологиялық ауруымен ауыратын және иммун тапшылығын жұқтырған және мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай тоқсан сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.";

      14 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындарына және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек:

      табысын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын мүгедек студенттерге, тұлдыр жетімдер мен балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;

      өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысында белгіленген 3 (үш) еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы студенттерге:

      ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм мемлекеттік мекемелерінің сұранысы бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада оқитын студенттерге;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек студенттерге;

      ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      ата-анасының екеуі де зейнеткер болған студенттерге;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа толмаған студенттерге көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім, әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық комиссия мен уәкілетті органның қорытындысы негізінде қабылданатын болып белгіленсін.";

      17 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15016 болып тіркелген) (әрі қарай – Бұйрық) 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтерді;";

      18-1 тармақтың бірінші сөйлемі жаңа редакцияда жазылсын:

      "18-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Маңғыстау облысында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.";

      20 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Уәкілетті орган, ауыл, ауылдық округ әкімі емесе ассистент үміткер өтініш білдірген күні, оған "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткерге "Өрлеу" жобасына қатысуға келісім берген кезде әңгімелесу жүргізеді.

      Әңгімелесу жүргізу кезінде:

      1)ШАК алу негіздемесі;

      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;

      3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша Бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді.";

      21 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және "Өрлеу" жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияға береді.";

      22 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, Бұйрықтың 9, 10 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жолдайды.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.";

      25 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "25. Үміткер және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттарды уәкілетті орган комиссияның қарауына бір жұмыс күні ішінде жібереді.";

      26 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Комиссия күнтізбелік жеті күн ішінде үміткердің ұсынған құжаттарын қарайды, тиісті шешім қабылдайды және оны уәкілетті органға жолдайды.

      Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан алынған қорытындының, сондай-ақ қажет болған жағдайда комиссия ұсынымдарының негізінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін бір жұмыс күні ішінде қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды.";

      27 тармақтың бірінші сөйлемі жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ШАК тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы үміткерге тағайындау немесе себептерін көрсете отырып тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Үміткердің өтініші бойынша ШАК ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.";

      30 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "30. ШАК-тың біржолғы сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасының қосымшасына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (үй малын, құсын және басқада сатып алу), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға шығындардан басқа) пайдаланылады.";

      32 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "32. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) жан басына шаққандағы табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінен алпыс пайызға артық болуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаудан бас тартуы;

      3) өтініш берушінің қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      4) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) учаскелік комиссияның отбасылық және материалдық жағдайына зерттеу жүргізуінен бас тартуы;

      5) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) дәйексіз (жалған) құжаттарды және жалған ақпаратты ұсыну фактілерінің анықталуы;

      6) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқта тұрудан бас тартқан жағдайда жүзеге асырады.

      Бұл ретте ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған дәйексіз

      мәліметтер ұсыну анықталған жағдайда адамға (отбасына) оны тағайындаған кезеңге ШАК төлеу тоқтатылады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген

      тәртіппен артық төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.";

      33 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру қаржы жылына арналған Қарақия ауданының бюджетімен қарастырылған 025 "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру" және 048 "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру" бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржы шегінде жүзеге асырылады.";

      34 тармақта бірінші сөйлемі жаңа редакцияда жазылсын:

      "34. ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін Бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес отбасыға көмектің жеке жоспарын және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасақтау үшін шақырады.";

      37 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "37. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты:

      1) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шараларды ұзарту қажет болған;

      2) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі аяқталған кезде еңбекке қабілетті адамдар (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) тартылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімі аяқталмаған;

      3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) өзіне байланысты емес себептер бойынша (екі айдан артық жұмысқа уақытша жарамсыздық, жазатайым оқиға, дүлей апат) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамаған;

      4) жеке қосалқы шаруашылықты және (немесе) дара кәсіпкерлік қызметті дамытудың жоспарланған көрсеткіштеріне жету үшін қолдау қажет болған жағдайларда оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған кезде ШАК мөлшері қайта қаралмайды.";

      41, 42, 43 тармақтар алынып тасталсын;

      көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшалары алынып тасталсын.

      2. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ескертпе: аббреавиатураның ажыратып жазылуы:

      ШАК – шартты ақшалай көмек.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге
      асырушы, аудандық мәслихат хатшысы А.Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

      хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Сәрсенғали Маркс Тайырұлы

      12 қазан 2017 жыл

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 27/285 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определенияперечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 12 октября 2017 года № 11/134. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 2 ноября 2017 года № 3450. Утратило силу решением Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 29 марта 2021 года № 2/18

      Сноска. Утратило силу решением Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 29.03.2021 № 2/18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законам Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлениям Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и от 13 февраля 2017 года № 52 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на внедрение обусловленной денежной помощи по проекту "Өрлеу", а также приказом исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17марта 2017 года № 37 "Об утверждении форм документов для участия в проекте "Өрлеу" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15016), Каракиянский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каракиянского районного маслихата от 29 июня 2015 года № 27/285 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2779, опубликованов газете "Қарақия" от 30 июля 2015 года № 52-53) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан:

      пункт 11 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "11. Социальная помощь оказывается онкологическим больным и лицам заразивщихся вирусом иммунодефицита и выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации по заявлению, без учета доходов, в размере 20 (двадцати) месячных расчетных показателей ежеквартально.";

      пункт 14 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "14. Социальная помощь в пределах средств предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год, предоставляется в виде единовременной оплаты образовательных услуг по фактическим затратам организации образования и ежемесячно на частичное покрытие затратов питания и проживания в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей:

      студентам – инвалидам, круглым сиротам и воспитанникам детских домов и детских деревень, обучающимся в высших учебных заведениях Республики Казахстан без учета дохода;

      студентам следующих категорий из семей, имеющих среднедушевой доход ниже 3 (трех) кратной величины прожиточного минимума в Мангистауской области за 12 месяцев перед обращением:

      студентам, обучающихся по очной форме, для получения академической степени бакалавра в учебных заведениях Республики Казахстан или интернатуре высших медицинских учебных заведений, по запросу государственных учреждений района в целях обеспечения квалифицированными специалистами здравоохранения, образования, агропромышленного комплекса, социального обеспечения, культуры, спорта и туризма;

      студентам, которые оба или один из родителей являются инвалидами;

      студентам, которые один из родителей умерли;

      студентам, которые оба родителей являются пенсионерами;

      студентам из семей, имеющие четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, после среднего образования, высших учебных заведениях, не достигшим 23 лет.

      Установить, что решение о назначении социальной помощи принимается районной комиссией по отбору студентов на назначение социальной помощи на основании заключения уполномоченного органа.";

      подпункт 3) пункта 17 изложить в новой редакции:

      "3) сведения о составе семьи по формесогласно приложению 4 к приказу исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17марта 2017 года № 37 "Об утверждении форм документов для участия в проекте "Өрлеу"" (далее – Приказ)(зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15016);";

      первое предложение пункта 18-1 изложить в новой редакции:

      "18-1. Размер ОДП на каждого члена семьи (лицо) определяется как разница между среднедушевым доходом семьи (лица) и шестьюдесятью процентами от величины прожиточного минимума, установленного в Мангистауской области.";

      пункт 20 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "20. Уполномоченный орган, аким села, сельского округа либо ассистент консультируют в день обращения претендента об условиях участия в проекте "Өрлеу" и при согласии претендента на участие в проекте "Өрлеу" проводят собеседование.

      При проведении собеседования определяются:

      основания получения ОДП;

      нуждаемость в государственных мерах содействия занятости;

      меры социальной адаптации членам семьи с учетом их индивидуальных потребностей.

      По результатам собеседования оформляется лист собеседования по форме согласно приложению1 к Приказу.";

      пункт 21 изложить в новой редакции:

      "21. Уполомоченный орган или аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения докуметов формирует макет дела и передает участковым комиссиям для проведения обследования материального положения заявителя, претендующего на участие в проекте "Өрлеу".";

      пункт 22 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "22. Участковая комиссия в течение трех рабочих дней со дня поступления документов проводит обследование материального положения заявителя, составляет акт обследования и заключение участковой комиссии по формам согласно приложениям 9, 10 к Приказам и направляет ихв уполномоченный орган или акиму села, сельского округа.

      Аким села, сельского округа передает документы заявителей с приложением заключения участковой комиссии в уполномоченный орган не позднее пяти рабочих дней со дня их принятия.";

      пункт 25 изложить в новой редакции:

      "25. В случае потребности претендента и (или) членов его семьи в мерах по содействию занятости и (или) социальной адаптации, решение о предоставлении которых выходит за рамки компетенции уполномоченного органа, представленные документы заявителя направляются уполномоченным органом в течение одного рабочего дня на рассмотрение комиссии.";

      пункт 26 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "26. Комиссия в течение семи календарных дней рассматривает представленные документы претендента, выносит соответствующее решение и направляет его в уполномоченный орган.

      Уполномоченный органна основании полученного заключения

      участковой комиссии, а также при необходимости, рекомендации комиссии в течение одного рабочего дня формирует электронный макет дела заявителя, включающий электронные копии заявления, документов, представленных заявителем, определяет месячный размер ОДП на каждого члена семьи.";

      первое предложение пункта 27 изложить в новой редакции:

      "27. Уполномоченный орган в течение трех рабочих дней со дня получения документов принимает решение о назначении ОДП или отказе в ее назначении, а также письменно через уполномоченный орган или акима села, сельского округа уведомляет претендента о назначении или отказе с указанием причины.

      ОДП выплачивается ежемесячно и (или) единовременно за три месяца по заявлению претендента.";

      пункт 30 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "30. Единовременная сумма ОДП используется исключительно на мероприятия, связанные с выполнением обязанностей по социальному контракту активизации семьи, в том числе на развитие личного подсобного хозяйства (покупка домашнего скота, птицы и другое), организацию индивидуальной предпринимательской деятельности (кроме затрат на погашение предыдущих займов, приобретение жилой недвижимости) согласно приложению к Правилам использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на внедрение обусловленной денежной помощи по проекту "Өрлеу",утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстанот 13 февраля 2017 года № 52.";

      пункт 32 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "32. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) превышения среднедушевого дохода уровня шестидесяти процентов от величины прожиточного минимума;

      2) отказа заявителя и (или) члена (членов) семьи от заключения социального контракта активизации семьи;

      3) предоставление заявителем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия;

      4) отказ заявителя и (или) члена (членов) семьи от проведения обследования о семейном и материальном положении участковой комиссией;

      5) выявление факта предоставления заявителем и (или) членом (членами) семьи недостоверных (поддельных) документов и ложной информации.

      6) отказ заявителя и (или) члена (членов) семьи от приостановления выплаты адресной социальной помощи.

      При этом в случае выявления представления недостоверных сведений, повлекших за собой незаконное назначение ОДП, выплата ОДП лицу (семье) прекращается на период ее назначения. Уполномоченный орган принимает меры по возврату излишне выплаченных суммвустановленном законодательством порядке.";

      пункт 33 изложить в новой редакции:

      "33. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Каракиянского района на текущий финансовый год, по бюджетным программам 025 "Внедрение обусловленной денежной помощи по проекту "Өрлеу" и 048 "Внедрение обусловленной денежной помощи по проекту "Өрлеу".";

      первое предложение пункта 34 изложить в новой редакции:

      "34. После определения права на ОДП уполномоченный орган приглашает заявителя и (или) членов его семьи для разработки индивидуального плана помощи семье и социального контракта активизации семьи согласно формам, утверждаемым Приказом.";

      пункт 37 изложить в новой редакции следующего содержания:

      "37. Социальный контракт активизации семьи заключается на 6 месяцев с возможностью его пролонгации дополнительно до 6 месяцев в случаях:

      необходимости продления мероприятий по социальной адаптации членов семьи;

      незавершения к моменту истечения срока социального контракта активизации семьи сроков активных мер содействия занятости, в которые вовлечены трудоспособные лица (трудоспособные члены семьи);

      невыполнения трудоспособным лицом (трудоспособными членами семьи) обязательств по социальному контракту активизации семьи по независящим от него причинам (временная нетрудоспособность более двух месяцев, несчастный случай, стихийное бедствие);

      необходимости поддержки для достижения запланированных показателей развития личного подсобного хозяйства и (или) индивидуальной предпринимательской деятельности.

      При пролонгации социального контракта активизации семьи размер ОДП не пересматривается.";

      пункты 41, 42, 43 исключить;

      приложения 1, 2, 3, 4, 5, 6 к указанному решению исключить.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Каракиянского районного маслихата" (руководитель аппарата Р.Ибраева) после государственной регистрации настоящего решения в Департаменте юстиции Мангистауской области обеспечить его официальное опубликование в эталонном контрольном банке нормативныхправовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      примечание: расшифровка абрревиатуры:

      ОДП – обусловленная денежная помощь.

      Осуществляющий полномочия председателя
      сессии, секретарь районного маслихата А.Мееров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного

      Учреждения "Каракиянский районный

      отдел занятости, социальных программ и

      регистрации актов граждаского состояния"

      Сарсенгали Маркс Тайырович

      12 октября 2017 год