Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 02.11.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 09.06.2020 № 127(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Оразалиева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 шілдедегі №240 "Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3120 болып тіркелген, 2016 жылы 15 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
"Дария" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Р.Т.Дұрысбаев
"15" 02 2017 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
"Маңғыстау жылу, су" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны директорының
міндетін атқарушы
Н.К.Уразов
"16" 02 2017 жыл
"Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Г.Б.Оразалиева
"15" 02 2017 жыл
Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық
аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Ж.С.Нұрлыбаева
"15" 02 2017 жыл
Маңғыстау ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы "15" 02 | |
№ 40 қаулысына | |
қосымша |
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 09.06.2020 № 127(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота мөлшері, % есебімен | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 454 | 4 | 18 |