Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 127 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 маусымда № 4232 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2 қарашада 2022 жылғы № 354 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 02.11.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы №40 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3281 болып тіркелген, 2017 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бөлім басшысы М. Оразалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Махмутов

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 9 маусымы
  № 127 қаулысына қосымша
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 15 ақпандағы
  №40 қаулысына қосымша

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота мөлшері, % есебімен

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

454

4

18


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады