Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 354 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қарашада № 30458 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 болып тіркелген);

      2) Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3550 болып тіркелген);

      3) Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген).

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Г. Ниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады