Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 18.01.2021 № 7-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2225 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 наурыздағы № 16 "Мұнайлы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 318-қ "Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2959 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпандағы № 6-7 "Мұнайлы" газетінде және 2016 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Көшекбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары Б. Сүлейменовке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Тәжібаев |
Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеренария бөлімінің басшысы
А. Арыстанов
"20" тамыз 2017 жыл
Мұнайлы аудандық экономика және
қаржы бөлімі басшысының
уақытша міндетін атқарушы
А.Көшекбаева
"20" тамыз 2017 жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "21" тамыз № 151 қаулысымен бекітілген |
Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы (бұдан әрі – қағида) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жасақталды және аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қараусыз қалған жануарлар (бұдан – әрі жануарлар) аудандық коммуналдық меншікке (бұдан әрі – коммуналдық меншік) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 246 бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншігіне алудан бас тартқан жағдайда қабылданады.
2. Жануарлардың коммуналдық меншікке келіп түсуі
3. Жануарлардың коммуналдық меншікке келіп түсуітапсыру-қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актісі жануарларды тапсырған тұлғаның тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), "Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) мен "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын өкілетті тұлға бекітеді.
Тапсыру - қабылдау актісінде міндетті түрде коммуналдық меншікке келіп түсетін жануарлардың жасы, тұқымы, түр - түсі, жынысы, күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.
3. Жануарларды уақытша күтімге алу
4. Коммуналдықменшікке келіптүскенжануарларды уақытша күтімге алу үшін, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі анықтаған жекеадамдарғане шаруа немесефермерқожалықтарына,мемлекеттік заңды тұлғалардыңқосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейінгі мерзімге келісім шартнегізінде бекітіліп беріледі.
5. Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде, олардың жануарларды күтімге алу жағдайына алдын - ала зерттеу жүргізеді. Жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаны анықтау кезінде, міндетті түрде күтімге алатын тұлғаның жануарды бағып – күтетін орын - жайының (қорасы, ауласы), құрал - сайманының, тәжірибесінің болуы, сонымен қатар, жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатыны ескерілуі тиіс.
Зерттеу қорытындысы экономика және қаржы бөліміне ұсыныспен қоса жолданады.
6. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғамен келісім шарт ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ұсынысы негізінде экономика және қаржы бөлімімен жасақталады.
7. Жануарларды күтімге алу шығыны күтуші тұлғаға экономика және қаржы бөлімімен аудандық бюджет есебінен өтеледі. Өтеу шығынына сол жердегі нарықтық бағамен белгіленген зоотехникалық нормаға негізделген жем - шөптің құны және күтушінің еңбек ақысы кіреді. Күтушінің еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы және мемлекеттік заңды тұлғалар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде белгіленген мөлшерден артық болмауы тиіс. Өтеу шығынынан жануарларды күтімге алу кезеңінде олардан түскен пайда, сол елді мекендегі нарықтық бағамен есептеп шегеріледі.
8. Жануарларды күтімге алған тұлға олардың өлім - жітімі мен жарамсыздығына кінәсі болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерінде жауапты болады.
9. Коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу іс - шаралары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары аудандық бюджет есебінен қаржыландырылады.
4. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру
10. Коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.
11. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін, жануарлар ауданәкімдігінің қаулысымен қабылдау - беру актісі негізінде ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан
Республикасы Үкіметібелгілеген тәртіппен қабылдау - беру актісі негізінде жүзеге асырылады.
5. Жануарларды одан әрі пайдалану
12. Коммуналдықменшікке келіп түскенқараусызжануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
2) аукцион арқылы сату;
3) сауда ұйымдары арқылы сату;
4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусіз беру.
13. Коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) жануарларды уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
6. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару
14. Жануарлар коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән - жайлар анықталған жағдайда комиссияның келісімімен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот шешімімен қайтарылуға жатады.
15. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің, оларды бағуға байланысты шығынды аудандық бюджет кірісіне жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып, өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
16. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен немесе басқа меншік иесіне өтеусіз беріліпкеткен жағдайда, жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құныаудандық бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда, жануарды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.
17. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын келісім - шартпен рәсімделеді.
7. Қорытынды ережелер
18.Жануарларды сатудан түскен қаражатзаңнамада белгіленген тәртіппен аудандықбюджет кірісіне толық есептеледі.
19. Жануарды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусіз берумень байланысты шығындар аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзегеасырылады.