Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 08-13-1107 хатының және Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 246-қ "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 151-қ "Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3418 болып тіркелген, 2017 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Сұңғат) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Жолбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |