Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 318-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 2959 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 151-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 21.08.2017 № 151-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 32-қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2225 болып енгізілген, "Мұнайлы" газетінде 2013 жылғы 29 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаға:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке түсуі тапсыру-қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім), "Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі) мен "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын өкілетті тұлға бекітеді.".

      2. Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі (А. Көшекбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Сүлейменовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Н. Тәжібаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады