Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 218 және Маңғыстау облысы мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 35/404 "Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округын құру туралы" қаулысы мен шешіміне сәйкес, Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 232-А "Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-10 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі № 28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары (А.М.Абдикадыров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | С. Боранбаев |