Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селолық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы № 232-А шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2008 жылғы 30 маусымда № 11-7-10 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 25.01.2017 № 13 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" №4200 Заңының 14 бабы, 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" №148 Заңының 35 бабына сәйкес және Қызылтөбе селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Қызылтөбе селолық округі, Қызылтөбе елді мекенінің оңтүстік шығысында, Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында орналасатын жалпы ауданы 1438,75 гектарды (9700 жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімінен тұратын) құрайтын тұрғын үйлер алабына Батыр тұрғын үй массиві атауы берілсін.
      2. Осы шешім Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
      Әкім Қ.Түркменбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады