Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округын құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 35/404 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің № 218 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 тамызда № 2104 тіркелді

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 № 127 қаулысымен және Маңғыстау облысы мәслихатының 27.05.2014 № 17/265 шешімімен.

      Мұнайлы аудандық мәслихаты мен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 - бабының 3 - тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыр тұрғын үй массиві «ауыл» санатына жатқызылсын.
      Ескерту. 1 -тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 № 127 қаулысымен және Маңғыстау облысы мәслихатының 27.05.2014 № 17/265 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қызылтөбе ауылдық округі құрамынан бөліп, шекарасы Батыр ауылы аумағындағы, орталығы осы ауыл болатын, Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округі құрылсын.
      Ескерту. 2 -тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2014 № 127 қаулысымен және Маңғыстау облысы мәслихатының 27.05.2014 № 17/265 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      Сессия төрағасы                         М. Дүйсенбаев

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Шелпеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады