"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5179 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) қаулысы;
2) Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 72 "Әкімдіктің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6197 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |