"Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада № 5179 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.05.2017 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес, қолданыстағы заңнаманы сәйкес келтіруге байланысты Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуакасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 547 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімнің және Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әрі - әкімдік).

      2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

      3. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз дербес атынан қатысады.

      6. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің егер оған бұл үшін заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарап ретінде қатысуға құқығы бар.

      7. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      9. Орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі";

      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттің мекеменің миссиялары, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс әкімінің және әкімдігі қызметінің жұмысын сапалы және уақытылы ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.

      15. "Қостанай облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) облыс әкімінің және әкімдігінің өкілеттігін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде іске асыруын қамтамасыз ету;

      2) атқарушы органның тиісті аумақтың дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде жалпымемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуіне жәрдем беру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттер.

      16. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдігінің мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;

      2) облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруды қамтамасыз ету;

      3) облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

      4) облыстың, қалалар мен аудандардың, ауылдық округтің, кенттің және ауылдың әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелеріндегі атқарушылық тәртіптің жағдайына талдау жүргізу және облыс әкімін хабардар ету;

      5) облыс әкімінің және әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша соттарда облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;

      6) облыс әкімдігінің отырыстарын, облыс әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және дайындауды ұйымдастыру және өткізу, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асыру;

      7) облыс әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдарының, ауылдық округ, кент пен ауыл әкімдерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;

      9) облыс әкімінің және әкімдіктің іс қағаздарын жүргізуді нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде құпиялыны да;

      10) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытталған жұмысты ұйымдастыру;

      11) облыс әкімінің, әкімдік мүшелерінің тапсырмалары бойынша құзыреті шегінде тексерулер жүргізу, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғаларды ауызша тыңдау және жазбаша түсініктеме талап ету;

      12) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын даярлауды және қайта даярлауды үйлестіру;

      13) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларының аттесттациясын ұйымдастыру және өткізу;

      14) ақпараттық деңгейін арттыру және "электрондық әкімдік" жүйесін дамыту жөнінен жұмыс жүргізу;

      15) мемлекеттік наградалармен, облыс әкімінің грамотасымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;

      16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету, облыс әкімінің және әкімдік мүшелерінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;

      18) "Шаруашылық 2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу құқығына ие болу және мемлекеттік үлесті пайдалануды жүзеге асырады;

      19) "Қостанай облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын басқару бойынша функцияларды жүзеге асыру;

      20) Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

      21) өзінің құзіреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

      22) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы шеңберінде сайлау өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;

      23) әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша құжаттар дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      24) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу және талдау, перспективалық даму бағыттарын әзерлеу;

      25) құзыреті шегінде жергілікті көлемдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі, азаматтық қорғаныс бойынша, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, терроризмнің алдын алу жөнінде заңнамада қарастырылған іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру, терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыруда жергілікті атқарушы органдармен практикалық көмек көрсету;

      26) әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз ету;

      27) қызмет көрсететін персоналдың, медициналық және техникалық жұмыскерлердің қажетті санын қамтамасыз ету;

      28) облыстық шақыру пунктінен Қостанай қаласының теміржол вокзалына дейін (жиналу) әскерге шақырушыларды жеткізуді қамтамасыз ету;

      29) әскери командаларды әскерге шақырушылармен қалыптастыру кезінде жиын пунктінде әскерге шақырушыларға үш рет ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;

      30) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктердің жұмысын үйлестіреді;

      31) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру мәселелері бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдіктердің жұмысын үйлестіреді;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      2) өзінің құзіреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан облыс әкімінің және әкімдігі құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

      3) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша облыс аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беру;

      4) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      7) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сол сияқты облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін.

      19. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.

      20. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;

      2) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      3) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, аппараттың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар) белгілейді;

      4) ішкі еңбек тәртібін белгілейді, құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бөлім меңгерушілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      5) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      6) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;

      7) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

      8) әкімге әкімдіктің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін қол қоюға ұсынады;

      9) әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      10) қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және еңбек заңнамасына сәйкес кадрлармен жұмысты бақылайды;

      11) құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      12) қызметкерлерді іссапарларға жібереді;

      13) Азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      14) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс топтарын құрады;

      15) өзінің құзіреті шегінде қаржылық құжаттарға қол қояды;

      16) әкім жүктеген өзге де функцияларды орындайды.

      "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін атқаруды оның жоқ кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 19.02.2016 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

      22. Қостанай облысы әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы жетекшілік жасайды.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптастырылады.

      24. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруына немесе өзге де тәсілмен иелік жасауына құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады