Әкімдіктің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 72 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 наурызда № 6197 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.05.2017 № 246 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 547 "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген ережедегі:

      16-тармақта:

      1), 17), 20), 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, облыстық атқарушы органдардың жұмысын талдау, облыс әкіміне және әкімдігінің мүшелеріне олар сұратқан мәселелер бойынша ақпарат дайындау;";

      "17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;";

      "20) Қостанай облысы әкімдігінің "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;";

      "24) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу және талдау, перспективалық даму бағыттарын әзірлеу;";

      20-тармақта:

      3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені әзірлейді, аппараттың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар) белгілейді;";

      "5) "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады