"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Әкімдіктің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 19.07.2023 № 299 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі | Орын |
Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері | ||
спортшы | жаттықтырушы | клубтық команданың жетекшісі | |||
1 | Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары | 1-орын | 250 | 25 | 3 |
2-орын | 220 | 22 | 3 | ||
3-орын | 200 | 20 | 3 | ||
4-орын | 180 | 18 | 3 | ||
5-орын | 160 | 16 | 3 | ||
6-орын | 140 | 14 | 3 | ||
лицензия | 120 | 12 | 3 | ||
2 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 150 | 15 | 3 |
2-орын | 130 | 13 | 3 | ||
3-орын | 120 | 12 | 3 | ||
3 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия ойындары (ересектер) | 1-орын | 120 | 12 | 3 |
2-орын | 110 | 11 | 3 | ||
3-орын | 100 | 10 | 3 | ||
4 | Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары, Дүниежүзілік Универсиада | 1-орын | 70 | 7 | 3 |
2-орын | 50 | 5 | 3 | ||
3-орын | 40 | 4 | 3 | ||
5 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем кубогы, Азия чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 80 | 8 | 3 |
2-орын | 70 | 7 | 3 | ||
3-орын | 60 | 6 | 3 | ||
6 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты | 1-орын | 70 | 7 | 3 |
2-орын | 60 | 6 | 3 | ||
3-орын | 50 | 5 | 3 | ||
7 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 60 | 6 | 3 |
2-орын | 50 | 5 | 3 | ||
3-орын | 40 | 4 | 3 | ||
8 | Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 60 | 6 | 3 |
2-орын | 30 | 3 | 3 | ||
3-орын | 20 | 3 | 3 | ||
9 | Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 20 | 3 | 3 |