Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 297 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 шілдеде № 10244-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2024 жылғы 26 шілдедегі
  № 297 қаулысына
  қосымша
  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2017 жылғы 31 қазандағы
  № 532 қаулысына
  қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері

р/с №

Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі

Орын

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Ескерту

Спортшы

Жаттықтырушы

1

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары

1-орын

250

25


2-орын

220

22

3-орын

200

20

4-орын

180

18

5-орын

160

16

6-орын

140

14

лицензия

120

12

2

Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер)

1-орын

150

15


2-орын

130

13

3-орын

120

12

3

Жазғы, қысқы Азия ойындары, Паралимпиадалық Азия ойындары (ересектер)

1-орын

120

12


2-орын

110

11

3-орын

100

10

4

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары, Дүниежүзілік Универсиада

1-орын

70

7


2-орын

50

5

3-орын

40

4

5

Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты (ересектер)

1-орын

80

8


2-орын

70

7

3-орын

60

6

6

Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты

1-орын

70

7


2-орын

60

6

3-орын

50

5

 
7

Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты,

1-орын

60

6


2-орын

50

5

3-орын

40

4

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер)

1-орын

60

6

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері кемінде 20 елдің қатысуымен (пән бойынша немесе әр салмақ дәрежесінде) өткен жарыстар бойынша бекітіледі

2-орын

50

5

3-орын

40

4

 
8

Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

60

6


2-орын

30

3

3-орын

20

3

Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

60

6


2-орын

30

3

3-орын

20

3

Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

60

6


2-орын

30

3

3-орын

20

3

 
9

Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

30

3

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасы облыстарының және республикалық маңызы бар қалаларының 11-нен астамының қатысуымен (пән бойынша немесе әр салмақ дәрежесінде) өткен жарыстар бойынша бекітіледі

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

10

3

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

1-орын

20

3



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады